Кредит бойынша қарызын кешіктіргенге жеңілдік жасалады

0
624

Мұндай мүмкіндік заң жүзінде бекітілген.


Кредит бойынша қарызын кешіктіргенге жеңілдік жасалады

ERNUR.KZ. Енді елде несиесін төлеуді кешіктірген азаматтарға жеңілдік жасалады, деп жазады 24.kz.

Мұндай мүмкіндік заң жүзінде бекітілген. Ол үшін қарыз төлеуші кредиторға немесе банкке өтініш қалдырады. Яғни жеке басын растайтын мәліметтерді ұсына отырып, не себепті қарызын қайтара алмағанын түсіндіруі тиіс.

Ал банктер өтінішті алған күннен бастап 15 күн ішінде азаматтың қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдайды. Егер мақұлдаса, қарыз төлеу талаптары қайта жасақталады. Мамандар қарыз төлеушінің талап-тілегі қабылданбаған жағдайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге кеңес береді.

Ол үшін Е-гов порталы немесе е-өтініш электронды сервисі мен Агенттіктің байланыс номеріне хабарласу керек. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін өтінішті қашықтан жолдау қарастырылған.