Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.
ERNUR.KZ. Бүгін таңғы 5 шамасында Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға орында 6 адам қаза тапты. Ал 1 адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Бұған дейін 4 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.