Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында қону кезінде АН-2 ұшағы өртенді, деп жазады Tengrinews.kz.
Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуекомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда-Арал бағытында санитария рейсін орындаған.
"Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы оқиға бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиация оқиғаларын тексеру департаменті тергеу жүргізеді", - делінген хабарламада.