Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

0
552

​Тағы бір адам дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.


Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, 4 адамның өмірі қиылды, бір ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 мамырда шамамен сағат 23.00-де «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының 1466-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жол-көлік оқиғасында 4 адам қайтыс болды, тағы бір адам дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қажетті сараптамалар жүргізілуде. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған.