Қызылорда облысының 7 жылға сотталған экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылғаны мәлім болды.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты, деп жазады Tengrinews.kz.
Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, биыл 7 шілдеде сот Қуанышбек Ықақовтың жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырған.
Бұған дейін ЗК-169/5 колониясының өкілі сотталушыға берілген мінездемені қолдап, экс-әкімнің жазасын өтеу кезінде "белгіленген ішкі тәртіп пен режим талаптарын бұзбағанын" айтқан еді.
Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Ысқақов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Бұған дейін Қызылорда облысының 7 жылға сотталған экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылғаны мәлім болды.