Бұл ақша сейфте тұрған.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында інісі туған ағасының сейфте тұрған 12 млн теңге ақшасын ұрлап кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Шалқия ауылының тұрғыны аудандық полиция бөліміне үйінен қомақты көлемде ақша ұрланғаны жөнінде арыз түсірді. Көп ұзамай полицейлер қылмыс жасаған адамды ұстады. Ол арыз берген азаматтың туған інісі болып шықты. Күдікті - Түркістан облысының тұрғыны, бұрын сотты болған», - деп жазылған ақпаратта.
Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.