Маңғыстау облысында 11 жасар оқушы қыз 13-тегі қызды ұрып-соғып, оны видеоға түсірген

0
89

​Олар баласына дұрыс көңіл бөлмегені үшін жазаланды.


Маңғыстау облысында 11 жасар оқушы қыз 13-тегі қызды ұрып-соғып, оны видеоға түсірген

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 11 жасар қыз баланың 13 жастағы қыз баланы ұрып-соққаны үшін ата-анасына қатысты істі қарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Белгілі болғандай, ата-ана баласының іс-әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«А. 11 жастағы қызы Ө.-ге қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамай, қызының 13 жастағы қызды ұрып-соғып, бейнежазбаға түсіріп, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген. Сот отырысында А. кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот жаза тағайындау барысында әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайы кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінде «Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін» 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану көзделген.

«А. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөілігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 73 840 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды облыстық сот.