43 жастағы отағасы мен мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілген.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Үш бала мен олардың анасы қаза болды, отағасы мен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға кеше, 13 ақпан күні Астана-2 көшесіндегі үйде болған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-жәрдем қызметіне хабарлама сағат 17.42-де түскен.
«Оқиға орнына 3 жедел-жәрдем бригадасы жіберілді. Оларға «газдан улану» диагнозы қойылды. Анасы 39 жаста, балалар 14, 13 және 2 жаста. Өкінішке қарай, жедел-жәрдем қызметі барғанда олар көз жұмғаны анықталды», - делінген ақпаратта.
43 жастағы отағасы мен мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілген.
«Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы қазір ауыр халде. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған 2011 жылғы ұлының жағдайы тұрақты ауыр, асқынулар жоқ. Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты», - деді Денсаулық сақтау басқармасынан.