Маңғыстау облысында жасөспірім "тир атамын" деп жарақаттанып қалды: Оған ауыр ота жасалды

0
538

​Маңғыстау облысында жасөспірім баланың көкірек қуысынан пневматикалық тапаншадан атылған оқ алынды.


Маңғыстау облысында жасөспірім
ERNUR.KZ. 16 жастағы жігіт абайсызда аттракционда (тир) ойнау кезінде жарақат алған, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 19 ақпан күні болған. Пневматикалық тапаншадан жарақаттанған жігіт облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Жанында болған адамдардың сөзінше, жасөспірім "Ақбота" саябағындағы аттракциондардың бірінде абайсызда жарақаттанған.

Баланы толық тексерістен өткізгеннен кейін, 22 ақпан күні дәрігерлер оған ауыр ота жасаған. Ота 40 минутқа созылған. Заманауи эндоскопия құрылғысының арқасында ота еш кедергісіз өткен.

“Басқа жағдайда көкірек қуысын ашуға тура келер еді”, – дейді дәрігерлер.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Қарумен ешқашан ойнамаңыздар", – деп жазды автор.