Маңғыстауда кен орнында болған өрттен бір адам зардап шекті

0
473

Төтенше жағдай 9 маусымда болған.


Маңғыстауда кен орнында болған өрттен бір адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнында мұнай ұңғымасынан шыққан өртті өшірмеуге шешім қабылданды, деп жазады sputnik.kz.

Төтенше жағдай 9 маусымда болған. "Бозашы Мұнай" ЖШС жұмысшылары "Қаратұрын Оңтүстік" мұнай-газ кен орнында мұнай ұңғымасын жасап жатқан. 1088 метр тереңдікте бұрғылау құралын көтергенде газ-су қоспасы атқылаған. Ұңғымадан шыққан фонтан отқа оранды. Оқиға орнына 56 құтқарушы және 12 техника жіберілген. Бірақ өрт әлі күнге дейін өшірілген жоқ.
Қазіргі кезде ұңғыманың айналасы опырылып, кратер пайда болды. Ал лаулап тұрған фонтан төмен қарай түсе бастады. Соның салдарынан мамандар ұңғыманы арнайы құрал-жабдықтармен бітей алмай жатыр.
Мамандардың айтуынша, әзірге өртті өшіруге болмайды. Себебі айналада жарылыс болуы әбден мүмкін.
"Апат салдарынан мердігерлік ұйым - "Заман Энерго" ЖШС бұрғылаушының көмекшісі жарақат алды. Сол жақ сегізінші қабырғасы сынды, білегі күйіп қалды. Медициналық көмек көрсетілді, ол үйде емделетін болды", - дейді құтқарушылар.