Мәжіліс зейнеткерлердің өмірін жеңілдететін заң жобасын мақұлдады

0
918

Бұрын азаматтар өз зейнетақысын алу үшін әртүрлі мекеменің табалдырығын тоздырып, үш бөлек құжаттар пакетін дайындауға мәжбүр болатын.


Мәжіліс зейнеткерлердің өмірін жеңілдететін заң жобасын мақұлдады

ERNUR.KZ. Қазақстанда зейнетақы құжаттарын рәсімдеу тәртібі жеңілдейді. Бүгін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Заң жобасында "бір терезе" қағидатының орнына "бір өтініш" қағидаты немесе қызметтер көрсетудің композиттік тәсілі енгізіліп отыр. Композиттік тәсіл қазақстандықтарға бір өтініш арқылы бірнеше өзара байланысты қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

"Мәселен, бұрын азамат зейнетақы төлемдерін алуға арналған екі түрлі өтінішті, яғни базалық және ортақ зейнетақы бойынша жеке-жеке, алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығына беруі тиіс болатын. Бұған қоса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тағы бір өтініш беруі қажет еді. Зейнеткер өз зейнетақысын алу үшін әртүрлі мекемелерге барып, әрқайсысы 3-7 және одан да көп құжаттан тұратын үш бөлек құжаттар топтамасын дайындауы тиіс болатын", - дейді Айсина.

Енді, депутаттың айтуынша, барлық үш қызмет тек ХҚКО арқылы бір өтініш бойынша көрсетіледі. Нәтижесінде құжаттар саны біршама қысқарып, азаматтар үшін өте ыңғайлы болмақ.

Заң жобасы арқылы құрамына 55 қызмет біріктірілетін 21 композиттік қызметті енгізу көзделіп отыр.

Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.