Медициналық ұйымдар бірқатар дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

0
699

«Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы - басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, сатып алуды электрон форматқа ауыстыру – қисынды әрі болжамды процесс.


Медициналық ұйымдар бірқатар дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

Медициналық ұйымдар халыққа тегін қызмет көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмекті сатып ала алмай жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Заңнамаға сәйкес осындай сатып алуды жүзеге асыруы тиіс веб-порталдың жұмыс істемеуі себеп болып отыр.

«Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы - басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, сатып алуды электрон форматқа ауыстыру – қисынды әрі болжамды процесс.
Алайда сатып алудың электрон платформасын толығымен жолға қоймай жатып, дәстүрлі сатып алуды алып тастау арқылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды да, медициналық заттар мен техниканы жеткізушілерді де тығырыққа тіреді.