Министр кімдер үстемақы алатынын айтты

0
529

Министрдің айтуынша, қазақстандық құтқарушылар шетелде төтенше жағдайды жоюға жіберілсе де, үстемақы төлене береді.


Министр кімдер үстемақы алатынын айтты

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құтқарушыларға үстемақы қалай төленетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде президенттің атына құтқарушылардың жалақысын көтеру туралы хат жіберілді. Соның ішінде төтенше жағдайдың деңгейіне қарай үстемақы төлеу шаралары да бар.
"Келесі жылдан бастап біздің қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Ал төтенше жағдайда жою кезінде жұмыстың ауырлығына қарай қосымша үстемақы төленеді", - деді Ильин сенатта өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, қазақстандық құтқарушылар шетелде төтенше жағдайды жоюға жіберілсе де, үстемақы төлене береді. Ал оның көлемі жалақының 20 процентін құрайды.
"Келесі жылдан бастап жалақыны көтерсек, онда аса ауыр жұмыстар үшін үстемақының мөлшері, шамамен, күніне 30 мың теңге болады", - деп атап көрсетті Ильин.