Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

0
637

Банкте бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен 7 клиент зардап шекті.


Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп жазады zakon.kz.

Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында банк менеджері өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланып бірнеше ай бойы түрлі банктік операциялар кезінде клиенттерге тиесілі ақшаны шешіп алып, жымқырып отырғандығы анықталды, деп хабарлады полициядағылар.

Банкте бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен 7 клиент зардап шекті. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 297 мың теңге көлемінде залал келтірілген.