Өкпесінің 50 пайызы зақымданған алматылықты аурухана қабылдамады: Басқарма түсінік берді

0
450

Алматылық әйелдің шағымы әлеуметтік желіде жарияланды.


Өкпесінің 50 пайызы зақымданған алматылықты аурухана қабылдамады: Басқарма түсінік берді

ERNUR.KZ. Өкпесінің 50% - зақымданған алматылық әйелді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы жатқызудан бас тартқан. Бұл туралы тұрғын әлеуметтік желіде жариялады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматылық әйелдің шағымы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Бұл жұқпалы аурулар ауруханасы. Мені ауруханаға жедел жәрдем көлігімен алып келді, бірақ олар мені қабылдаудан бас тартты, себебі өкпенің 50% -ы зақымданған және жоғары температурада ауруханаға жатқызу туралы нұсқау жоқ», - деп жазды автор.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметі науқасты И. С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы алып келген. Және оны дәрігерлер тексерген.

«Қорытындыға сәйкес: өкпенің зақымдануы аса ауыр емес, жағдайы күрделі болмағандықтан оны алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері қашықтан бақылайды», - деп жауап берді басқармадағылар.