Оралдық кейуана бірнеше күн бойы мәйітпен бірге жатқан

0
904

​57 жастағы әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Үй иесі есікті аша алмағандықтан, көршілері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырған.


Оралдық кейуана бірнеше күн бойы мәйітпен бірге жатқан

ERNUR.KZ. Оралда зейнеткер өз пәтерінде үш күн бойы құрбысының мәйітімен бірге қамалып қалған. Үй иесі есікті аша алмағандықтан, көршілері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырды, деп жазады sputniknews.kz.

78 жастағы зейнеткердің көршілерінің айтуынша, ол пәтерде жалғыз өзі тұрған.

"Ол біздің үйде біраз уақыт тұрады. Бес жыл бұрын жолдасынан айырылды. Қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған қарияға көршілер көмектесетін. Балконға шығып қараймын. Жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Соңғы аптада қарияның үйінде жарық болмады. Үйіне келген коммуналдық қызмет қағаздары да есікте қалып қойғанын көрдік", -дейді көршілерінің бірі.

Қарияға жиі келіп тұратын құрбысы да көптен бері көрінбей кеткен. Бұдан соң көршілері дабыл қаға бастапты. Полицияға барып, құтқарушыларды шақырған.

Есікті ашқан кезде пәтерде қарияның құрбысының мәйіті табылды. Ал әжей есікті аша алмаған.