Өскеменде жедел жәрдем мәшинесі адам қағып кетті (видео)

0
1 346

Оқиға 25 маусым күні орын алған.


Өскеменде жедел жәрдем мәшинесі адам қағып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Өскемендегі Қазақстан көшесінің бойында жедел жәрдем мәшинесі адам қағып кетті, деп жазады Алтайньюс.

Оқиға 25 маусым күні болған. Жолды жүгіріп өтемін деген қызды жедел жәрдем көлігі қағып кеткен. Жолдың оң жақ жолағындағы мәшине тоқтағанымен Жедел жәрдем көлігі тоқтап үлгермеген.

Әлеуметтік желілерде тарап үлгерген бейнежазбаның астына, «Жүргінші екенмін деп, айналаға қарамайтындары несі?», «Жолды жүгіріп өтпеуі керек еді, жүргізушінің обалына қалатын болды», «Қаладағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдар тым қараңғы», деген түрлі пікірлер айтылған.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының айтуынша шаһардағы көшелердің көпшілігі қараңғы. Осы оқылықтың кесірінен қаншама өмір қиылып, қаншамасына қиянат жасалуда.

Әзірше, оқиғаның жай-жапсары зерттеліп жатыр.