Өздері шешеді: Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған тағы бір ұлы жайлы айтты

0
522

Дәулет Тұрлыхановтың 6 баласы бар.


Өздері шешеді: Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған тағы бір ұлы жайлы айтты

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы әйелге қол көтерді. Депутат ұлының әрекетіне қатысты пікір берді, деп жазады baq.kz.

Ата-ана ретінде кім баласын жаман болсын дейді? Бұл - бір. Әкежан ересек адам, сондықтан бұл істі өздері шешеді, - деді депутат.

Журналистердің «әке ретінде балаларыңызға кеңес айтасыз ба?» деген сұрағына «әрине» деп жауап берді.

Бұл ересек адамның жеке шаруасы. Мен бұл жаңалықты қазір сізден естіп тұрмын. Бұл туралы білген жоқпын, - деді Тұрлыханов.

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тарағанын еске сала кетейік.

Одан бөлек, биыл 15 ақпанда Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін депутат әлеуметтік желілерде дау тудырған ұлының іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.

Дәулет Тұрлыхановтың 6 баласы бар.