Павлодар облысында қызылша жұқтырғандар саны 750-ге жетті

0
474

Жалпы 26 мыңнан астам адам екпе алды.


Павлодар облысында қызылша жұқтырғандар саны 750-ге жетті

ERNUR.KZ. Оның 146 жағдайы билғы жылдың қаңтарда тіркелді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жалпы 26 мыңнан астам адам екпе алды, оның ішінде 15 мың бала бар.

«Өңірде қызылшаның 750 жағдайы расталған. 2023 жылы 604 жағдай болса, биыл онымен ауырған науқастардың саны – 146»,– деді департаментте.

Қызылшамен ауырғандар 14 жасқа дейінгі балалар қатарынан – 553 (74%), жасөспірімдер – 32(4,2%), ал 30 жастан асқан адамдар арасында 165(30%) жағдай тіркелді. Науқастардың ішінен вакцина алмаған адамдар 65,4 пайызы құрайды.