Премьер-министр жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

0
579

​Оның айтуынша, аталған бағдарламаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеуде.


Премьер-министр жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

ERNUR.KZ. Елде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосу үшін бірнеше ай керек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінде отандық көліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарламаны іске қосу мәселесін шешу үшін бірнеше ай керек", - деді Премьер-министр.

Айта кетейік, өткен аптада Әлихан Смайылов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған бағдарламаға 100 млрд-тан аса теңге бөлінетінін айтқан. Бұл қаржы тұрғындарға отандық көліктерді сатып алу үшін беріледі.