«Шайн мускат» жүзімі құрамынан зиянкес табылған жоқ – АШМ

0
278

Ауыл шаруашылығы министрі шетелден жеткізіліп жатқан Shine muscat жүзімі зетханада тағы бір тексерілетінін айтты.


«Шайн мускат» жүзімі құрамынан зиянкес табылған жоқ – АШМ

Фото: lalafo.kg

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп жазады inform.kz.

«Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;

2) карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;

3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Кейін Ауыл шаруашылығы министрі шетелден жеткізіліп жатқан Shine muscat жүзімі зетханада тағы бір тексерілетінін айтты.