СҚО-да бір айға жуық іздеуде болған 61 жастағы ер адамның денесі табылды

0
701

Петропавл тұрғыны, 1961 жылы туған Юрий Волосников 24 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен.


СҚО-да бір айға жуық іздеуде болған 61 жастағы ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Петропавлда үйінен хабарсыз кетіп, бір айға жуық іздеуде болған Юрий Волосниковтың денесі табылды, деп жазады ktk.kz.

Петропавл тұрғыны, 1961 жылы туған Юрий Волосников 24 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен. Өздігінен іздеп, таба алмаған туыстары полицияның көмегіне жүгінді. Көпшілік Юрий Волосниковтың аман-есен табылатынынан үміт үзбеген еді. Тәртіп сақшылары, волонтерлер, еріктілер бірнеше рет іздеуге шығып, Есіл өзенінің маңын, маңайдағы ормандарды сүзіп өтті. Алайда бұл жұмыс нәтиже бермеді.

Суық хабарды волонтерлер әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Олардың айтуынша, ер адам өзіне қол жұмсаған. СҚО прокуратурасының мәліметінше, тиісті сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі кейін жария етілмек.

Бұған дейін балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған Сергей Лебедевтің де денесі табылғанынайтқан едік. 42 жастағы ер адам Есіл өзеніне суға кетті, оның денесін учаскелік полиция инспекторы тауып алды. Ал 15 қыркүйек күні жоғалған Василий Мороховецтен әлі күнге дейін хабар жоқ. Петропавлдың 64 жастағы тұрғыны үйінен кетіп, қайтып оралмаған.

Ер адамның бойы 185 см, шашы ағарған, көзі жасыл, аяғында тыртығы бар. Сол күні үстінде жасыл күпәйке және көк шалбар болған