Су тасқыны кезінде еліміз бойынша жеті адам қаза тапқан – ресми мәлімет

0
439

​Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлім етті.


Су тасқыны кезінде еліміз бойынша жеті адам қаза тапқан – ресми мәлімет

ERNUR.KZ. Қазақстандағы су тасқыны кезінде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қаза тапты. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу жүріп жатыр», - деді Марат Қожаев.

Ол Абай облысы Аягөз ауданында трактордың үстіне мініп отырған, өкінішке қарай, қаза тапқан екі адамның өлімін де су тасқыны кезінде қаза тапқандар қатарына қосты.

«Оларды да су тасқынының құрбандары қатарына қосу керек. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шешім дайындап жатыр», - деді ол.