​Талдықорғанда ішек инфекциясын жұқтырғандар саны өсті

0
154

Бір қуанарлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші төмендеген.


​Талдықорғанда ішек инфекциясын жұқтырғандар саны өсті

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласы бойынша биыл 10 айда жіті ішек инфекциясының 881 жағдайы анықталды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17 жағдайға көп, деп жазады inform.kz.
Жіті ішек инфекциясы — бұл асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын, әр түрлі патогенді микроорганизмдерден туындайтын жұқпалы аурулар тобы.
Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегінше анықталған 881 жағдайдан нақтыланғаны — 589 жағдай (1 сальмонеллез), нақтыланбаған жіті ішек жұқпасы– 292. Бір қуанарлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші төмендеген. Былтыр 10 айдың ішінде 569 жағдай тіркелсе, биыл 507 жасөспірімнен анықталған.
«Инфекцияның таралу жолы 100% жағдайда тағам арқылы болады. Берілу факторлары үй жағдайында дайындалған, дұрыс сақталмаған тағамдар өнімдері, көшедегі стихиялық сауда, сонымен қатар рұқсаты жоқ тамақтану» — деді Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшы Сәуле Ахан.