Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақыға өтінім қабылдау басталды

0
342

Сервис су тасқынынан зардап шеккен еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді.


Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақыға өтінім қабылдау басталды

ERNUR.KZ. Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақыға өтінім қабылдау басталды, деп жазады baq.kz.

Материалдық шығынды өтеу бойынша өтінім қабылдау бүгін, яғни, 18 сәуірден басталады.

Өтініштер
№1 мектеп ғимараты, Махамбет даңғылы 136
мекен-жайында қабылданады.
Бұл мекен-жайда
5 ауыл,
2 ауыл,
Достық және Жадырасын ықшам ауданының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

№18 мектеп ғимаратында: (221 көше, 59 ғимарат)
Атырау, Болашақ, Автожолшылар ықшам ауданы және Қарағай елдімекенінің тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

№9 мектеп ғимаратында: (Махамбет даңғылы 102)

4, 6, 7А және Мешіт (І.Сариев көшесі) ауылының, Ұ.Абдрахманов көшесінің (Новостройка) тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау уақыты:
09:00-12:30
14:00-18:00

Әр ауыл немесе ықшам аудан бойынша сайланған комиссия мүшесі өз учаскесіне қызмет көрсететін мекен-жайда болуы қажет.

Сонымен бірге, су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтінімді eGov mobile қосымшасында беруге болады.

Сервис су тасқынынан зардап шеккен еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді.

Егер өтініш қағаз түрінде берілген болса, онда оны сервис арқылы қайталаудың қажеті жоқ. Ақпарат автоматты түрде есепке алынады.