Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет.
Қазақстан Президенттік басқару формасында қалу керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді Президент.