Төрт айда өрттен 146 адам қайтыс болды – ТЖМ

0
407

Жыл басынан бері «112» пультіне халықтан 2 млн-нан астам қоңырау келіп түскен.


ERNUR.KZ. Қазақстанда төрт ай ішінде өрттен 146 адам қайтыс болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство жылдың төрт айында республика бойынша тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу жариялады.

Шолудағы дереккке сүйенсек, жыл басынан бері «112» пультіне халықтан 2 102 612 қоңырау келіп түскен.

3 875 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, 486 адам зардап шеккен. Соның ішінде 151 адам қаза болып, 1 млрд 272,75 млн теңгеге материалдық нұқсан келген.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан 185 адам қаза болған. Техногендік сипаттағы жағдайлардың басым бөлігі (85,7%) өндірістік және тұрмыстық өрттен болған. Төрт айда 3 133 өрт болып, 146 адам қаза болған. 1 млрд 208,33 млн теңгеге материалдық нұқсан келген.

Өрт Батыс Қазақстанда 48,6%, Қостанай облысында 44,4%, Жамбыл облысында 42%, Атырау облысында 39,7%, Абай облысында 39,6%, Ұлытау облысында 36,8%, Ақтөбе облысында 23,1%, Алматы облысында 24,3%, Жетісу өңірінде 24%,Қызылорда облысында 14% көбейген.