2021 жылы Астана қаласының тұрғыны болашақ студенттерге тіл үйретіп, Түркиядағы университеттердің біріне оқуға түсіруге уәде берген компаниямен келісімге келген.
ERNUR.KZ. Балаларын шетелде оқытуға миллиондаған ақша берген қазақстандықтар ықтимал алаяқтық құрбаны болған, деп жазады tengrinews.kz.
2021 жылы Астана қаласының тұрғыны болашақ студенттерге тіл үйретіп, Түркиядағы университеттердің біріне оқуға түсіруге уәде берген компаниямен келісімге келген. Алайда келісімнің соңғы тармағы орындалмаған.
"Компаниямен келісімшартқа отырдық, қызымыз тілді үйренді, биыл оқуға түсуі керек еді. Бірақ олар бізге беруі тиіс болған сертификат ешқайда жарамайтын болып шықты, бірақ бұл сертификат оқуға түсуге 100 пайыз кепілдік беретінін айтқан еді. Түркияға келгенімізде университеттегілер құжаттарымыз жоқтығын, сондықтан бізді қабылдай алмайтындарын айтты", - дейді Айжан.
Астаналық әйелдің айтуынша, Қазақстаннан тағы бірнеше отбасы дәл осындай жағдайға тап болған. Олардың бәрінің әңгімесі бір – Түркияға келгеннен кейін университет оларды қабылдамаған, өйткені құжаттары тапсырылмаған.
"Біз компанияға шамамен 1 миллион 600 мың ақша салдық. Біз ақшаны қайтарғымыз келеді және алдаулар мен жаңа құрбандар болмас үшін компания жабылғанын қалаймыз", - деп қосты әйел.
Астана Полиция департаменті оқиғаны растап, бұл факт бойынша соталды тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Бірнеше тұрғын полицияға бейтаныс тұлғалар алаяқтық және сенімге қиянат жасау арқылы ақшасын иемденіп алғаны туралы ұжымдық арызбен жүгінген. Тергеу барысында компания жәбірленушілермен Түркияда тіл курстарын өткізіп, кейін оларды университетке оқуға түсіру туралы келісімге отырғаны анықталды. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді тілшіге Астана Полиция департаменті өкілдері.