ҰБТ-ға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды

0
1 236

ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.


ҰБТ-ға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды

ERNUR.KZ. 10 мамырда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды, деп жазады ktk.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтінімдер келесі қатысушылардан қабылданды:

- қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерінен;

- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен;

- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының бітірушілерінен. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 10 мамыр мен 5 маусым аралығында ҰБТ-ға өтініштер қабылдау жалғасады. Бірақ құжаттарды келесі санаттағы бітірушілер ғана тапсыра алады:

- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар.

ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік береді. Өтініштер ҰБТ өткізу пункттерінде және желілік жоғары оқу орындарында қабылданады. Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар «Шет тілі (ағылшын тілі)» пәні бойынша ҰБТ-дан босатылады.

«2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше бағдарлама кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Түсушілердің білім беру гранттарын беру конкурсы кезінде бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда 4 білім бағдарламасы топтарына дейін таңдауға мүмкіндігі бар», - делінген орталық мәліметінде.

Биылдан бастап бітірушілер ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) тапсыра алды. Ал грант бойынша білім алу үшін алдағы маусым айындағы ҰБТ-ға қатысу қажет.