“Ұрлық жасады” деп айыпталған Сәуле Омарова АҚШ сенаты алдында ақталды

0
687

АҚШ президенті Джо Байденнің ұсынысымен ақша айналымдарын қадағалау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына үміткер Сәуле Омарова сенат алдында ақталды.


“Ұрлық жасады” деп айыпталған Сәуле Омарова АҚШ сенаты алдында ақталды

ERNUR.KZ. Ол өзінің коммунист емес екенін айтты, деп жазады exk.kz.

Foxnews ақпарат агенттігінің жазуынша, Қазақстанның тумасы, Корнель университетінің банк құқығы профессоры Сәуле Омарова сенат алдында өткен өмірінен бірер сөз қозғап, өзі коммунист емес екенін айтты.

"Мен коммунист емеспін. Оның үстіне қайда дүниеге келу таңдауы менде болған жоқ қой", - деді сөзінде Сәуле Омарова.

Сондай-ақ, заманында ата-анасының сталиндік режімнің құдалауына түскенін айтқан ол, сенаторлар алдында атқарған жұмысының өте көп екенін түсіндірді.

Сенат қабырғасында қазақстандық келіншекті қолдағандар да, қарсы пікірлерін білдіргендер де табылды. Сенатор-демократ Элизабет Уоррен Омарованы "қаралау процесі деп түсінемін" десе, сенатор Джон Кеннеди сізді "профессор дейін бе, әлде, әріптес деп айтайын ба" деген ойын айтты. Сенатор Пэт Туми Омарованың академиялық жұмысын "банк индустриясы үшін Социалистік манифест" деп атады. Туми бұған дейін Сәуле Омаровадан Карл Маркстің көзқарастарына арналған ММУ-дегі дипломының түпнұсқасын көрсетуді талап еткен еді.

Естеріңізде болса, Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың 26 жыл бұрын АҚШ-тағы дүкендердің бірінде ұрлық жасау кезінде ұсталғандығын жазғанбыз. Ол сауда дүкендерінің бірінен төрт жұп аяқ киім, 2 иіс су, 2 белбеу мен шұлық ұрлап, Висконсин дүкеніне 214 доллар шығын келтірген.

Корнель университетінің банк құқығы профессоры, АҚШ ақша айналымдарын қадағалау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына үміткер Сәуле Омарова Орал қаласында 1966 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінде оқыды. 1991 жылдан бастап АҚШ-та тұрады.