Вагондардың салқын және нашар қызмет көрсеткен тасымалдаушыларға айыппұл салынады

0
1 278

​ҚР ИДМ Көлік комитетінің комиссиясы Астана-Қостанай учаскесінде «Түрксіб Астана» тасымалдаушысының №43/44 Алматы-Қостанай пойызын тексерді. Нәтижесінде ҚР Ұлтық стандарт талаптары орындалмаған 32 факті анықталған, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 Вагондардың салқын және нашар қызмет көрсеткен тасымалдаушыларға айыппұл салынады

ҚР ИДМ Көлік комитетінің комиссиясы Астана-Қостанай учаскесінде «Түрксіб Астана» тасымалдаушысының №43/44 Алматы-Қостанай пойызын тексерді. Нәтижесінде ҚР Ұлтық стандарт талаптары орындалмаған 32 факті анықталған, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тексеру кезінде вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің герметикалығын сақтамау, жолаушылар пойызында қызмет көрсету және т.б. кемшіліктер анықталды. Бұдан бөлек, жолаушылар бірқатар вагондардың салқын екенін айтып шағымданған.

Тексеру қорытындылары бойынша «Түрксіб Астана» ЖШС-не 1,9 млн. теңгеден астам айыппұл салу жоспарланып отыр.

Келісімге сәйкес тексеру актілері анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданып, бұдан былай кемшіліктерге жол бермеу үшін тасымалдаушыға жіберіледі.

Комиссиялық тексеріс әрі қарай жалғасуда.