Жалақы - 900 мың теңге: БҚО-да коронавируспен күресетін санитарлар қажет

0
805

Санитар ретінде көмектесуге дайын еріктілер шақырылуда.


Жалақы - 900 мың теңге: БҚО-да коронавируспен күресетін санитарлар қажет
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында қала тұрғындарына коронавирус инфекциясымен күресте көмектесетін ерікті медицина қызметкерлерін іздестіріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы оларға 900 мың теңге көлемінде жалақы ұсынбақ, деп жазады kaz.nur.kz.

ibirzha.kz сайтының ақпаратынша, желіде жалақысы 900 мың теңгені құрайтын санитарларды қабылдау жөніндегі хабарландыру пайда болған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мұндай қадамға жергілікті инфекциялық стационарлардағы медициналық кадр тапшылығы салдарынан барып отыр.

Бүгінде коронавирус инфекциясымен күресте адамдар жеткіліксіз болғандықтан, санитар ретінде көмектесуге дайын еріктілер шақырылуда.

Жалақы есебі мынадай: 64 698 теңге және жұмыс сағаттары үшін 1-дәреже бойынша 850 000 теңгеге дейін болмақ.

Аталмыш жұмыс орнына үміткерлерге өзіндік талаптар да қойылған. Олардың жасы 22 мен 45 аралығында болып, созылмалы ауруға шалдықпаған және сотталмаған болуы шарт.

Сонымен қатар, оларда психикалық ауытқушылық жоқ әрі күйзеліске төзімді бола білуі қажет.