Елорда тұрғыны 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алған.
ERNUR.KZ. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алғашқы қазақстандық көлік алды. Ол – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, инженер Бекзат Тілеген. Бағдарлама бойынша автонесие алуға алғаш болып өтініш білдіргендердің бірі, деп жазады stan.kz.
Елорда тұрғыны 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алған.
"16 мамырда келдік. Бізге төлем шотын берді. Сонымен банкке барып, үш күн күттік. Үш күннен кейін автосалон менеджері хабарласып, рәсімдеуге шақырды", – деп бөлісті көлік иесі.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 16 наурыздан бері бір ғана банкке 6 мыңнан аса өтініш түскен. Центр Кредит банкінің өкілдері бүгін 10-ға жуық азаматқа осы бағдарлама арқылы несие берілетінін жеткізді.
Қазір автосалондарда жеңілдетілген несие беру қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі. Бұған дейін азаматтар нарықта көлік тапшы екенін айтқан. Автокәсіп қауымдастығы елде биыл үш айда 213 млрд теңгеге 22 мыңнан аса техника шығарылғанын айтты. Олар көлік құрастыру алдағы уақытта артатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырда басталған болатын. Тұрғындардың өтінішін әзірге 3 екінші деңгейлі банк қабылдап жатыр. Бүгін бұл қатарға тағы бір банк қосылуға тиіс.