Жүрек жұтқан әйел: Павлодарда түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

0
593

Облыстық полиция департаменті төбелестің 22 желтоқсан күні болғанын растады.


Жүрек жұтқан әйел: Павлодарда түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде түн ішінде бірнеше адамның жанжалдасып қалғаны түсірілген видео пайда болды, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Бейнекадрлардан белгісіз адамдар көлікке отырып кеткеннен кейін бірнеше жігіт келіп төбелесіп жатқанын көруге болады. Олардың көбі бір-екі адамға жабылып, жұдырықтай бастаған. Сол арада қолында пакет ұстаған әйел келіп, араша түскен.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаментінде төбелестің 2021 жылы 22 желтоқсан күні болғанын растады.

"Аталмыш факт полицияда тіркелген. Павлодар қаласында Н.Назарбаев даңғылы, 204-ші үйдің ауласында орын алды. Жеке тұлғалар анықталды. Тексеру жүргізілуде", - дейді департаментте.
Әйел адамның батылдығына тәнті болған желі қолданушылары «Жарайсың!. Ана, әйел деген осындай болады!», «Жүрек жұтқан екен! Өз өмірін қатерге тігіп, төбелесті тоқтатқан. Қазіргі жастардан не күтеріңді білмейің», «Осындай жағдайға бейжай қарамайтын адамдар көп болса екен!», деп пікір қалдырған.