Журналистер БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізуді талап етті

0
670

Жақында жазған өтініштерін Парламентке өткізбек


Журналистер БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізуді талап етті

ERNUR.KZ. Қазақстандық журналистер бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға екі бірдей өзгеріс енгізуді талап етуде. Қазір олар қол жинап жатыр, деп хабарлайды Хабар24.

Жақында жазған өтініштерін Парламентке өткізбек. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қазіргі заңның солқылдақ тұстары көп дейді. Нормативтік құжатта тілшілерге қай орындарда түсірілім жасауға рұқсат берілетіні анық жазылмаған. Соның кесірінен көп адам өздерін телеарнадан көрсеткені үшін, журналистердің атына шағымданып жатады. Одан бөлек, ақпаратты бұрмалап берді деп, 10 жылдан кейін сотқа жүгінетіндер бар. Журналистер мұндай сорақылыққа биліктің назар аударатын кезі жетті дейді.


- Журналистер бейнематериал әзірлейтін кезде қоғамдық орындарда түсірілім жасайды. Кейін, кейбір тұрғын мені рұқсатсыз эфирден көрсетті деп, сотқа жүгінеді. Енді бірі мен жөнінде теріс ақпарат тарады деп, 10 жылдан кейін шағымданып жатады. Осылардың барлығын жүйелейтін кез жетті. Әйтпесе, соңғы уақытта тілшілерге тіксінетіндер тым көбейіп кетті. Мәжіліс төрағасы осы мәселеге назар аударады деп сенеміз, - дейді «Правовой медиацентр» қоғамдық қорының директоры Диана Окремова.