Күні кеше жас әнші Kalifarniya үйлену тойын өткізген еді.
Кешегі күннің басты жаңалығы Kalifarniya-ның тойы болды. Ол өзінің жары ретінде өнер саласындағы қызды таңдаған, айтуынша - хореограф.
Бүгін жас келін әлеуметтік желідегі парақшасына суреттер жүктеп, "Бізден басқа не жаңалық" деген жазба жариялады.
Жазба жариялағаны сол-ақ екен желі қолданушылары оны сынға алып, түрлі пікірлер жаза бастады. Олар "Бір-біріне ұқсайтын сияқты, талғамдары да бірдей екен" және "Екеуің ұқсайсыңдар, я. Просто сенің гармоныңда еркектікі көптеу екен. Өзіңді өзгерт. Қылығыңмен сүйкімді бола түс. Фара елдің сүйікті ұлы. Абыройын қорға" деген сынды "кеңестерін" жазып жатыр.