Өмірден ерте кеткен танымал жандар

0
7 214

​"Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған."- деген Абай артында қалың қазақты өксітіп тастап кете барған жандарды меңзесе керекті. Тағдыр сыйын үнемі құпия ұстайды. Кімнің несібесі қай жерде үзілерін адам баласы әсте барлай алмас... Біз бүгін еске алатын адамдар баршаның көңілінен орын алған абзал жандар... Тек оларды өмір арамыздан ерте алып кеткен...


Өмірден ерте кеткен танымал жандар
"Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған."- деген Абай артында қалың қазақты өксітіп тастап кете барған жандарды меңзесе керекті. Тағдыр сыйын үнемі құпия ұстайды. Кімнің несібесі қай жерде үзілерін адам баласы әсте барлай алмас... Біз бүгін еске алатын адамдар баршаның көңілінен орын алған абзал жандар... Тек оларды өмір арамыздан ерте алып кеткен...

Руслан Бөлебай. Халыққа әр таңда "Таңшолпан" арқылы "Қайырлы таң" тілейтін журналистің тағдыры да таңмен жарыса қиылып кеткен еді. Өзінің өнерімен жүректерді жаулап келе жатқан жігіт жүрегі 25 толмай тоқтап қалды...

Бекзат Саттарханов. Сиднейде қазақтың атын паш еткен ержүрек жігіт 20 жасында белгісіз жағдайда мәңгілікке көзін жұмды. Дегенмен оның жеңісін тарихтан ешкім ысыра алмайды, бар болғаны жиырма жаста Олимпиада шыңын бағындыру бағы кез келгенге жазылмаған сый.

Шалқар Үркімбаев. Сіз оның өзінен бұрын, ерекше даусын танисыз. Әрі оның даусын өзгемен шатастыру мүмкін емес. Болмысы бөлек актердің, өлімі де өзгешелеу болды. Бар жанды өзіне баураған таланттың ғұмыры бір күні театрдың 3-қабаттағы балконынан үзіліп кете барды.

Оразалы Досбосынов. Айтыс өнерінің жарық жұлдыздарының бірі, орақ тілді Оразалы отызға жетпей "сөніп" қалды. Өз жарығы сөнгенмен, ол жағып кеткен жарықтар жыл өткен сайын жарқырап келеді. Артынан ерген ұл-қызы мен шәкірттері, қалың елі оны мәңгі ұмытпақ емес.

Нәби Аймұратов. "Гүлімсің" деп әндететін әнші осы әнімен барлық тыңдаушысын еркелетіп, өзі де еркелеп тұрғандай көрінуші еді. Аз уақыттың ішінде бар халықты баурап алған Нәби 23 жасында жол апатынан қаза болды. Жары бір сұқбатында "Нәбиімді өмірімнің соңына дейін күтіп өтемін..." депті, қазақта Нәбиін әлі күтетін сияқты...