«Күйеуім маған ұнамайтын нәрсені қалайды»: ақтаулық келіншек ажырасуының себебін айтты

0
4 300

​«Бұндай қатынасқа шариғат та, медицина да қарсы екенін күйеуім түсінбейді»


«Күйеуім маған ұнамайтын нәрсені қалайды»: ақтаулық келіншек ажырасуының себебін айтты

Фото: my-doc.com

Ерлі-зайыптылардың арасында ажырасуының негізгі себебін жасырып қалатындар бар. «Екеумізден де кінә бар» деп қысқа жауап берумен шектеледі. Өйткені кейде ағайын-туысқанға айтуға ұялатын себептер де болады екен. Керімсұлу есімді шымкенттік келіншек анық-қанығын білмегеннен соң әйелді кінәлауды қалың жұрт доғарса екен дейді.


Осы мақсатта ол өзінің ажырасуының себебін ERNUR.KZ тілшісіне ашық айтып берді.

«Күйеуім менен сегіз жас үлкен еді. Қаланың баласы. Әке-шешесімен бірге жақсы мөлтекауданда, даңғарадай үйде тұрады. Ал мен шағын ғана ауылдың қызымын. Әкем ертеректе қайтыс боп кеткен. Анам төрт баласын жеткізем, қатарынан қалдырмаймын деп, қолын суға да, отқа да салған жан.

Үйдің үлкені болғандықтан, мен де кішкентайымнан қиындық көріп өстім. Жоқшылық менің қас жауым болды деп айта аламын. Анамның сиыр сауып, от жағып, мектептің еденін жуып жүргенін көргенде іштей «Мен анам сияқты қиналып өмір сүргім келмейді» дейтінмін.

Бірде бұл сөзді дауыстап айтып қойдым. Анам естіді. «Мен де қызымның еден жуып жүргенін қаламаймын. Сұлулығыңды пайдалан. Бай жігітке, қалаға тұрмысқа шығуды ойла» деді де жұмысын жалғастырды. Расында ауылдағы сұлу бойжеткендердің бірі мен едім.

Сол күннен бастап мен сабаққа емес, тек сыртқы келбетіме көңіл бөлетін болдым. Ол кезде он бірінші сыныпта оқып жүргенмін. Анам үнемі «Жағдайыңды жасайтын жігітке түрмысқа шығуың үшін тамақты көп жеме. Әңгіме түрде емес, мүсінде» деп отыратын. Мен содан бері тамақты нансыз жеймін. Иә, нан жемегеніме бірталай жыл боп қалды. Есесіне, сымбатым сымдай, өз қатарларымнан әлдеқайда жас көрінем.

Сұлулығым мен сымбатымның арқасында мен қалалық, бай жігітпен таныстым. Бір өкінетінім, асықтым. Бірінші курста оқып жүрген шақта ғой, ауылға апта сайын келіп-кететінмін. Бірде мен мінген көлік ауданнан шыға бере бұзылып, үлкен трассаның бойынан тастап, өзі кері қайтты.

Жол бойында қол көтеріп тұрмын. Бір көлік кеп тоқтады. Міндім. Қара торы, көзі қысық, қозы қарны бар жігіт. «Негізі жолдан адам алмаймын. Бірақ түнімен тойда болғанмын, ұйықтамадым. Қасымда серік болса, әңгімелесіп ұйқым ашылады деп сені алдым» деп бастады. Әңгімешіл жігіт екен. Мақтаншақтау, астындағы көлігін салоннан алғанын, әке-шешесінің үлкен қызметте істейтінін бәрін айтып жатыр. Маған қайта-қайта қарай береді, ұнатып қалғанын байқап отырмын.

Не керек, ол менің телефон нөмірімді алып қалды. Біз осылай танысып кеттік. Жігіт көрікті емес, бірақ ақкөңіл, мінезі де, қолы да ашық.
Үш-төрт ай кездесіп жүрдік. Осы аралықта ол мені қымбат сыйлықтармен, гүлдермен баурап алды. Бұрынғыдай ауыл мен қала арасында көлік күтіп тұрмайтын болдым. Қалаған уақытымда ауылға апарып әкеледі.

Анама да ұнады. Сөйтіп, 19 жасымда 27 жастағы жігіттің жары атандым. Тойымыз дүркіреп өтті. Ата-енем бай болғанымен, ешқашан менің анама, туыстарыма мұрын шүйіріп қараған емес. Өз қызындай еркелетті десем, артық айтқандық емес. Оқуымды да жалғастырдым. Бірақ...

Мен жас болғандықтан ерлі-зайыпты қарым-қатынасындағы ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмедім ол кезде. Солай болуы керек деп ойладым. Қалай айтсам екен, қысқасы күйеуім анальдық қарым-қатынаста болатын. Сондай қатынасты жақсы көретін. Әрең шыдайтынмын.

Сөйтіп жүріп бір баланы өмірге әкелдім. Бір күні жыныс мүшемнен қан кетіп дәрігерге бардым. Сөйтсем, менде геморрой деген ауру пайда болыпты. Ол асқынып кеткен. Осы кезде дәрігер менен ашық бәрін сұрады. Тікішек арқылы қарым-қатынас жасаудың денсаулыққа зиянды, қауіпті екенін айтты. Сол кезде ғана мен мұндай қарым-қатынас жасауға міндетті емес екенімді білдім.

Міне, содан соң күйеуім екеуміздің арамызда түсініспеушілік пен келіспеушілік көбейді. Тіпті менің қалауымсыз күштеп мәжбүрлейтін де болды. Ешкімге айта алмадым, ұялдым.

Анама айтқанымда күрсінді де қойды, ешнәрсе демеді. Әрине, күйеуімнің сол бір қылығы болмаса, басқа жағынан шағымым жоқ. Ас та төк өмір, анама, бауырларыма ақшалай көп көмектестім. Күйеуім анамның да, менің де алдымда зыр жүгіреді. Айтқанымның бәрін орындайды. Тек сол бір «қалауы» маған ұнамайды.

Бір жағынан молшылық өмірді қимадым, екінші жағынан тәнім ауырғанда байлықтың да, басқаның да керегі жоқ екенін ұғамын.

Төртінші курсты бітірген соң бір шешімге келдім. Ары қарай шыдай алмадым рас айтам. Заңды түрде ажырасып кеттім.

Бірақ менің бұл мәселемді ешкім түсінбес. Сондықтан да ажырасқанымда ата-енеме де, ағайын-туыс, құрбы-досқа да айтпадым. Бәрі мені кінәлады, «сондай керемет жігіттен кетіп қалған ақымақсың» деді. Өйткені олар ажырасуымның негізгі себебін білмейді.

Солар менің орнымда болса не істер еді, бәлкім көніп жүре бере ме, білмеймін. Менің жаным шыдағанмен, тәнім шыдай алмады. Қазір жасым небәрі 23-те, ал мен еркек атаулыдан қорқып қалғанмын, қайтадан тұрмысқа шығуды да қаламаймын...»


Ұқсас оқиғалар:


«Баласы жақсы ана қартаймайды»: түркістандық ана үш ұлын күтумен жүр


«Күйеуіме ауырмайтын әйел керек»: шымкенттік келіншек қалай күйзеліске түскенін айтты