Қай көлікке міну сізге РАХАТ СЫЙЛАЙДЫ? (тест)

0
4 389

Суреттегі 6 көліктің біреуін таңдаңыз да әлі ешкім сізге айтпаған өте қажетті өмірлік ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ тегін КЕҢЕС алыңыз!


Қай көлікке міну сізге РАХАТ СЫЙЛАЙДЫ? (тест)

Бұл тест арқылы әркім өз мүмкіндігін анықтап, діттеген мақсатына жету үшін өзіне не керек екенін біле алады. Ол үшін, суретте көрсетілген 6 түрлі көліктің бірін таңдаңыз. Қайсысына міну сізге ерекше ләззат, демалыс сыйлайды?

Сонымен, қай көлікті таңдадыңыз? Нәтижесіне бірге үңілейік


А) ВЕЛОСИПЕД

фото: 24health.by

Велосипед – бұл көлік сіздің өзіңізді сипаттайды. Ол жанармаймен де, электр тогымен де емес, адам күшімен ғана қозғалады. Демек, сіз мақсатыңызға тек өз күшіңізбен ғана жете аласыз. Осыны әркез есте ұстаңыз!

Тек өзіңізге сеніңіз! Әкеңіздің лауазымына, танысыңыздың мансабы мен қайын жұртыңыздың жағдайына, я болмаса әлдебір ғажайыптан үміттенбей-ақ қойғаныңыз дұрыс.

Велосипед – жерде жүретін көлік. Демек, аспандағыны армандап жүре бермей, қолыңыздан келетін, шамаңыз жететін мақсат қойыңыз. Санаға сыймайтын үлкен мақсат, жоспар қойып, текке өзіңізді қинамаңыз.

Сізге қажет: физикалық күш, еңбек, маңдай тер. Міне, осылар сіздің жанармайыңыз. Май құйрығыңызды жұмсақ диваннан көтеріп, өзіңізді өзіңіз жігерлендіріп, жалқаулықты жеңсеңіз, кертартпа ойларыңызды қусаңыз, мақсатыңызға жылдам жете аласыз. Өйткені велосипед кептелісте тұрмайды, онда жанармай таусылып қалады деген мәселе де жоқ. Тек тоқтамаңыз!


Ә) АВТОМОБИЛЬ

фото: yandex.ru

Автомобиль – бұл сіздің өзіңіз. Сіздің моторыңыз – жүрегіңіз, осыны есте ұстаңыз. Демек, ұдайы жүрегіңізді тыңдап, маңызды шешім қабылдарда ең алдымен оның үніне құлақ асқаныңыз дұрыс.

Автомобиль орнынан қалай қозғалады? Кілтін бұрайсыз, бірер минут қыздырасыз... Дәл сол сияқты, мақсатыңызға жету үшін сізге бірінші оған барар жолды ойша анықтап, жоспарлап алу керек. Әбден зерттеп, жан-жақты ойланып, содан соң ғана әрекетке көшкеніңіз жөн. Ал, асығып, аптығатын болсаңыз адасасыз, ережені бұзасыз, бағдаршамның «қызыл» көзі жанғанда тежегішті басып үлгермей қаласыз да «айыпталасыз».

Сізді физикалық күш қуатыңыз емес, ішкі қуатыңыз мақсатыңызға жеткізеді.

Сізге қажет: Асықпай, сабырлылықты сақтап, алдыңызға да, артыңызға да жіті қарап әрекет жасау керек. Үлкен қадам емес, сізге майда әрі жеті рет ойланып басатын қадам қажет. Асығыстық, ойланбай шешім қабылдау, көзсіз тәуекелге бару – осыларды бойыңыздан алып тастасаңыз, мақсат жолынан шатаспайсыз. Жолыңызды анықтауға, оған түсуге біраз уақыт жұмсағаныңызбен, бір арнаға түскен соң машинадай зулайсыз.


Б) ҰШАҚ

фото: www.airplane-pictures.net

Әуе көлігі ұшақ секілді көздеген жеріңізге өте жылдам жетуді қалайсыз. Бірақ, бұл мүмкін емес. Қиялыңызбен мақсатыңызға ұшуды доғармасаңыз, оған тек қиялыңызда ғана жете аласыз. Құр қиялдан түк шықпайды. Төмен түсіңіз, жерге.

Ұшақ алдымен бірнеше метр жолды жерде қозғалады. Содан соң ғана ауа қысымының арқасында ол біртіндеп жоғары көтеріледі. Сол сияқты, сіз де алдымен жерде қадам жасауыңыз керек. Сосын биік мақсатыңызға қарай қозғалысыңыз өзі-ақ жылдамдайды.

Сізге қажет: шабыт, мотивация, сенім. Ішкі рухыңызды оятсаңыз, ойыңызға да келмеген биікке шыға аласыз.


В) ЯХТА

фото: ru.yachtworld.com

Құнды ойға бай адамсыз. Бұны білесіз бе? Байлықтың да, жарқын өмірдің де, бәрінің кілті – басыңызда. Сауық, думанды ортадан шығып, бір сәт өзіңізге қандай өмір қажет екенін ойланып көріңізші. Сіз оған жете аласыз. Өйткені, сіз тума стратег, тәуелсіз, еркін адамсыз. Нақты мақсат қоя білесіз және оған жеткізетін жоспарды да шебер құра аласыз. Өзгермелі мінезіңіз де, құбылмалы жағдайлар да сізді мақсатыңыздан айныта алмайды.

Сізге қажет: «Жайлылық зонасынан» шығыңыз. Жаныңыздың қалауы не екенін анықтаңыз.


C) АВТОБУС

Фото: 1zoom.ru

Автобусқа қанша адам сыяды? Міне, сіздің де пейіліңіз, жүрегіңіз осындай. Ата-ана, бауыр, дос-құрбыға қашанда бағыт-бағдар көрсетіп, жәрдем бере жүріп, сол арқылы өз бағытыңызды да анықтай алатын жансыз. Өзгелерді өзіңізбен бірге жетелеп сүйреген сайын ғаламат күш те сізді жетелейді. Өзгеге дұрыс жолды нұсқасаңыз, өмір де сіздің жолыңыздағы кедергілерді тазартады. Осыны есте ұстаңыз!

Сізге қажет: жақын адамдарыңыздың мақсатыңызды өзгертуге, бағытыңызды басқа жаққа бұруға, яғни, сіздің өміріңізді басқаруға жол бермеңіз. Сөзге, өзгенің пікіріне ермеңіз.


Д) ПОЙЫЗ

фото: u2land.ru

Айналаңызда сізді қолдайтын да, сізге жақсылық ойлайтын, шын жанашыр, қажет кезде ақыл-кеңесін айтуға даяр адам көп. Сіз көрмегенді көрсетіп, жөн сілтейтін де жақсы адамдар бар. Бірақ, сіз олардың бірінің де айтқанын тыңдағыңыз келмейді.

Мақсатыңызға жету үшін, «өзім білем» деген ойдан арылып, өзен ағысымен «ағуды», сызып қойған шеңберден шықпау керек деген тәртіпті бұзу керек. Білетін адамдарды да тыңдай білген жөн.

Сізге қажет: Айналаңыздағы адамдардан ұтымды идея ала біліңіз. Қатып қалған қағидаларыңызды өзгертіңіз.


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Шаршағанда зарядталудың қарапайым әдісі


Көңілдегі кірді жуып-тазалайтын ЕКІ терапия


Өткенді қалай ұмытуға болады? (жаттығу)