«Әділдікті талап ет»: Шымкентте жол құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр

0
437

Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша Рысқұлов көшесі құрылысындағы кемшіліктер жойылды.


«Әділдікті талап ет»: Шымкентте жол құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында «Әділдікті талап ет» акциясы аясында жол құрылысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Департамент «Әділдік жолы» РҚБ филиалымен, Ұлттық сапа орталығымен, әкімдіктің бейінді басқармасымен және мердігер компаниямен бірлесіп автожолдарды жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізді.

Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша Рысқұлов көшесі (Шаяхметов қиылысы) құрылысындағы кемшіліктер жойылды.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, бұл жол соңғы рет 10 жылдан астам уақыт бұрын жөнделген, көліктің үлкен трафигі мен ыстық ауа-райына байланысты асфальт деформацияланған.

Сондай-ақ, Арғынбеков көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тротуардағы төсеніштер ауыстырылды.

Айта кетейік, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп 2022 жылғы 15 тамызда республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады. Оған Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады.

Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру. Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады.

Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылады.

Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты хабарлай алады.

Келіп түскен барлық ақпарат қалың жұртшылықты жұмылдыра отыра,жергілікті және республикалық «Әділдік кеңесі» атты Кеңестерінде талқыланады. Сонымен қатар, салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және уәкілетті органдарға сындарлы ұсыныстар ұсынылатын болады.

Науқанның қорытындысы, сонымен қатар Бірлестік қызметінің нәтижесі биылғы жылдың аяғында өтетін Жемқорлыққа қарсы форумда жарияланып, науқанға белсенді қатысқан азаматтар «Әділдік жауынгері» мәртебесіне ие болады.