Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қаламызда үш күнге созылған «Шымкент өнімдері» жергілікті отандық тауар өндірушілер көрмесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көрмеге жалпы 90 нан астам кәсіпорын қатысып, халыққа өз өнімдерін таныстырды.
«Халық таңдауы» арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 10 кәсіпорын және әр сала бойынша үздік өнім шығаратын 9 кәсіпорын жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Соның ішінде, «Химия өнеркәсібі» саласының жеңімпазы Сұлтанқұлов Қағанат Абдурахманұлы басқаратын «Best Home Kz» ЖШС болып танылды. «Оңтүстік» индустриялы аймағында орналасқан кәсіпорын 2018 жылдан бастап іске қосылған. Бүгінгі таңда, Түркістан, Жамбыл облыстарында лак-боя өнімдерін шығаратын цехтары да іске қосылып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.
Соңғы 10 айдың көрсеткішімен 400 тоннадан астам өнім шығарған лак-боя цехі «New Color» брендімен Сулы-дисперсиялык бояу, акрилды бояу, лактар, акрилды желім, сәндік сылақтар шығарумен айналысады. Сапалы лак-бояу өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары, импорттық жабдықтар, қызметкерлердің жоғары біліктілігін алға тарта отырып, қарқынды жұмыс жасауда.