Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласы Абай ауданында 17 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан.
Аталған жұмыстардың мердігері – «Шымкент Дор Строй» ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып «Жобақұрылыс орталығы» ЖШС бекітілген.
Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.