ШЫМКЕНТ: Биыл 26 мыңға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады

0
996

Көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: Биыл 26 мыңға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласында биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 9 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл бағыттағы жұмыстарға 15,6 млрд. теңге көлемінде мемлекеттен қаржы қаралып отыр. Осының есебінен 26 мыңға жуық адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарлануда.
Жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2 және Жаңатұрлан, Батыс пен Жаңаталап шағын аудандардың ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, 4,48 шақырымды құрайтын Көмешбұлақ, 9,37 шақырым және 10,61 шақырым болатын 3 магистралды суаққының құрылысы жүргізілуде.