ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ елді мекенінің тұрғындары биыл таза ауызсуға қол жеткізеді

0
407

Қазіргі уақытта аталған елдімекенде ауыз су кесте бойынша беріледі.


ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ елді мекенінің тұрғындары биыл таза ауызсуға қол жеткізеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда.
Қазіргі уақытта аталған елдімекенде ауыз су кесте бойынша беріледі.
Мұндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан бүгінгі күнге дейін 310 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 80%-ы орындалған. Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Қала әкімі тиісті мамандарға мердігер мекемелерге жұмысты сапалы, әрі жылдам орындауды тапсырды.
Бөлісу