​Шымкент қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

0
3 020

Еркеғали Амантайұлы үш ЖОО тәмамдаған


​Шымкент қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

фото: parlam.kz

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркеғали Амантайұлы үш ЖОО тәмамдаған:

  • 2002 жылы М.Әуезов атаныдағы ОҚМУ «кеден ісі»;
  • 2005 жылы – М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, заңгер;
  • 2007 жылы – Алматы экономикалық университеті – экономист.

Еңбек жолы 2003 жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің жетекші маманы болудан басталған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс жасаған. Сондай-ақ, агенттікте Төраға орынбасары, кейіннен кеңесші қызметтерін атқарған.

2016 жылдан – 2017 жылдың ақпанына дейін ОҚО әкімі аппаратының басшысы болған. 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.