​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0
355


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы мәслихаттың кезекті ХХI сессиясы өтті.

Күн тәртібінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүру төлемақысы тарифіне келісім беру, «2024 – 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу, қала әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын екіге бөліп, қайта құру шешімі қабылданды.

Бұдан бөлек қала әкімі қазіргі таңда халықтың өмір сүруіне тікелей әсер ететін маңызды шешімдер қаралып жатқанын атап өтті. Соның бірі бұрын жекешелендірілген сумен жабдықтау және су бұру стратегиялық нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі. Халық қалаулылары да даулы мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Стратегиялық нысанды мемлекет меншігіне қайтару- тарифтік шығындарды ұстау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан қала басшысы қолдау білдірген депутаттарға алғысын айтып, барлығын жұмыла әрекет етуге шақырды.
Бөлісу