Шымкент: Кепілдендірілген әлеуметтік көмек таратылуда

0
983

Бұл көмекті жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы жиынтықты аталған сауда желісінің кез келген нүктесінен алуына болады.


Шымкент: Кепілдендірілген әлеуметтік көмек таратылуда

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға «Magnum» сауда желісі арқылы кепілдендірілген әлеуметтік көмек таратылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар жердемақыдан бөлек мемлекет тарапынан азық-түліктер мен гигиеналық заттар жиынтығын тегін алуда.

Аудан әкімі Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, 301 мың тұрғыны бар Еңбекші ауданында 62 мыңнан астам отбасы 20 шағынаудан мен 16 тұрғын алабында тұрады.

– Осылардың арасынан 2368 отбасы кепілдендірілген әлеуметтік көмекке қол жеткізе алады. Бүгінгі дейін аталған пакеттің мыңға жуығы таратылды, - дейді Ғ.Молдабайұлы.

Карантин талаптарын қатаң сақтаған жауаптылар қажетті шектеу шараларын ескеріп, арнайы кезекшілік ұйымдастырып, сауда желісіне келушілердің жағдайын жіті бақылауға алған.

Айта кетейік, кепілдендірілген әлеуметтік көмекті атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар «Magnum» сауда желісінен алады. Ал тиесілі азық-түлік көмегіне кезек күтпей қол жеткізгісі келетіндер сауда желісінің сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы жиынтықты аталған сауда желісінің кез келген нүктесінен алуына болады.