ШЫМКЕНТ: Оқушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барды

0
492

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Оқушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барды

Отан Қорғаушылар күні қарсаңында жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық оқушысы Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бақылау-өткізу пунктінде балаларды бригада командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары майор Дінмұхамед Нұрақаев қарсы алды. Қысқа нұсқамадан кейін оқушылар бөлімнің аумағына кірді. Бірінші кезекте балаларға әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің негізгі міндеттері туралы айтылды.
Бөліммен танысу барысында оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, әскери кәсіптің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпарат алды. Ал, қызығушылық танытқан балалар Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен танысты.
Әрі қарай балалар асханамен, спорт қалашығымен және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тұратын үй-жайлармен танысты.
Сондай-ақ, саптық алаңда балаларға арналған қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ байланыс құралдарының мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Одан бөлек, оқушылар атыс қаруының әртүрлі үлгілерін бөлшектеп-жинауға, жалпы әскери қорғаныс киімін, оқ өтпейтін жилеттер мен кевлар дулығаларын киіп көруге мүмкіндік алды.

- Іс–шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа, Болашақ Отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың армияға деген қызығушылығын арттыру, - деді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Дінмұхамед Нұрақаев.

Айта кетейік, механикаландырылған бригада аумағында ерекше форматта «Ашық есік күні» патриоттық акциясы өтті. Аталған акцияға қаланың жалпы білім беру мекемелерінен 150-ге жуық оқушы қатысты. Акция барысында оқушылар сарбаздардың тұрмыстық үй-жайлары, ас мәзірі және сарбаздарға жасалған басқа да жағдайлармен танысты.