Шымкент: "Сайрам-су" өзеніндегі көпір пайдалануға берілді

0
1 341

Елімізде орын алған Төтенше жағдайға қарамастан мердігер компания қайта құру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады.


Шымкент:

Шымкентте "Сайрам-су" өзеніндегі көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы «Сайрам-су» өзенін кесіп өтетін көпірді қайта құру жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айына жоспарланған.
Елімізде орын алған Төтенше жағдайға қарамастан мердігер компания қайта құру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Көпір құрылысын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізді.

Айта кетсек, 433,87 млн теңгеге жобаланған көпірдің құрылыс жұмыстарына өткен жылы 200 млн. теңге бөлінген. Биыл қалған бөлігі игеріліп, көпір ел игілігіне берілді.