Шымкент "сары" аймаққа қайта оралды

0
601

29 сәуір күні коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Шымкент «қызыл» аймақта тұрған болатын.


Шымкент

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

30 сәуірдегі мәлімет бойынша: «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Айта кетейік, 29 сәуір күні коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта тұрған болатын.